Logo
Іздеу
Айдарлар

ШҚО-да бағалы металдар кен орнын заңсыз игергендер ұсталды

/
ШҚО-да бағалы металдар кен орнын заңсыз игергендер ұсталды
Сурет: Рixabay

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге әрекет ете отырып, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы «EastGoldStone» ЖШС-ін тіркеп, пайдаланған.

Бұған дейін хабарланғандай, алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген.

«Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды», - делінген хабарламада.

Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.