АҚШ президенті Дональд Трамп Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесу барысында Таяу Шығыста бейбіт келісімге қол жеткізу жақын екенін, алайда Украинадағы соғыс бойынша жағдай мүлде басқаша екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Мен бұл мәселе ең оңай шешілетіндердің бірі болады деп ойладым. Менің Путинмен қарым-қатынасым жақсы, сондықтан бұл мәселені тез реттейміз деп сенгенмін. Бірақ ол көңілімді қалдырды. Мен үшін бұл оңай шешілетін жағдай сияқты көрінген, бірақ шындығында, мүмкін, ол Таяу Шығыстан да қиын болып шықты», – деді Трамп.
Трамп Ақ үйге оралғанда президенттік қызметінің алғашқы 24 сағатында Украинадағы соғысты тоқтатуға уәде берген еді. Алайда кейінірек ол бейбіт келісімге келу әлдеқайда күрделі болып шыққанын мойындады.