Logo
Іздеу
Айдарлар

Питер Фостер 20 жылдық қызметтен кейін Air Astana компаниясынан кететін болды

/
Питер Фостер 20 жылдық қызметтен кейін Air Astana компаниясынан кететін болды
Сурет: Air Astana

Компанияның директорлар кеңесі хабарлағандай, Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында бас атқарушы директор қызметінен және директорлар кеңесінің құрамынан шығады. Осыдан кейін ол компанияда аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның орнына қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалмақ.

Соңғы уақытта Фостер әуе компаниясының жұмысындағы мәселелер мен жолаушылар шағымдарына байланысты жиі сынға ұшырап келген еді.