«Қазгидромет» дерегінше, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады. Оңтүстікте — шаңды дауыл болады.
Болжам бойынша:
▪️ Астанада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура –1–3 °C, күндіз +12–14 °C.
▪️ Алматыда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2–4 °C, күндіз +15–17 °C.
▪️ Шымкентте – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8–10 °C, күндіз +22–24 °C.