Logo
Іздеу
Айдарлар

"Менің ақшамды алып, екі рет Меккеге барды": Бадықова экс-күйеуі жайлы сұхбат берді (ВИДЕО)

/
"Менің ақшамды алып, екі рет Меккеге барды": Бадықова экс-күйеуі жайлы сұхбат берді (ВИДЕО)
SN.kz. Суретте: Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаев

Актриса Дариға Бадықова бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевпен болған отбасылық өмірі жайлы сұхбат беріп, көпшіліктің назарын аударды. Ол өз ойын журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп Arasha.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бадықованың айтуынша, бұрынғы күйеуі отбасын материалдық тұрғыда қамтамасыз ете алмаған, тіпті актрисадан қаржылай көмек сұрап отырған.

"Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, "Құдайы мен". Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім", – деді актриса.

Бадықова бұрынғы жұбайының театрда рөл берілмегеніне шағымданатынын, ал өзі отбасын асырауға мәжбүр болғанын айтты.

"Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төйлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады. "Таптым-ау сені" киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып "жертва" болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді", – деді ол.