Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер жұлдызы немерелерінің өмірге келгенін айтып, өзінің әже атанғанын үлкен қуанышпен жеткізді:
"Сүйінші, достар! Қоснемеренің әжесі болдым. Айсұлу, Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", – деп жазды Айгүл Иманбаева.
Желі қолданушылары сүйікті әншіге жылы лебіздерін жаудырып, қуанышын бөлісті.
"Немереңіздің бауы берік болсын", "Айгүл ханым, екі дүркін әже болдыңыз – құтты болсын", "Балапанның ғұмыры ұзақ, өмірі бақытты болсын", – деп жазды желі қолданушылары.