Logo
Іздеу
Айдарлар

Францияда Айдос Садықовтың есімі еркіндік үшін құрбан болған журналистер тізіміне енді

/
Францияда Айдос Садықовтың есімі еркіндік үшін құрбан болған журналистер тізіміне енді
Сурет: ашық дереккөзден

Францияда қаза тапқан қазақстандық журналист әрі оппозициялық саясаткер Айдос Садықовтың есімі мәңгі есте қалдырылды. Оның аты елдің солтүстігіндегі Байе қаласында орналасқан қаза тапқан журналистерге арналған мемориалға қашалып жазылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айдос Садықов 2024 жылдың жазында Киевте қастандық құрбаны болды. Белгісіз біреу оны үйінің жанында көлікте отырған кезінде атып кеткен. Журналист екі аптадан кейін көз жұмды. Сол кезде оның жары әрі «Бәсе» жобасының тең авторы Наталья Садықова қастандықтың артында Қазақстанмен байланысты адамдар тұруы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Байедегі бұл мемориал — сөз бостандығы жолында қаза тапқан журналистерге арналған Еуропадағы алғашқы ескерткіш.