Logo
Іздеу
Айдарлар

Бакуде «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің атқарушы директоры қамаудан босатылды

/
Бакуде «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің атқарушы директоры қамаудан босатылды
Сурет: apa.az

Игорь Картавыхтың босатылғаны туралы ақпаратты Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап, «Коммерсант» басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, бұл мәселе президенттердің көмекшілері деңгейінде талқыланып, шешім Владимир Путин мен Ильхам Әлиевтің Душанбедегі кездесуінің қарсаңында қабылданған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Коммерсанттың» жазуынша, бұған жауап ретінде Ресей тарабы өз аумағында ұсталған Әзербайжан азаматтарының бірін босатқан.

Жазда екі ел арасында дипломатиялық шиеленіс туындаған болатын. Ресей құқық қорғау органдары 2000-жылдардың басындағы кісі өлімі ісі бойынша Әзербайжаннан шыққан бір топ адамды қамауға алған еді. Тергеу кезінде күдіктілердің екеуі қаза тапқан. Бұған жауап ретінде Әзербайжан «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің екі басшысын және тағы сегіз ресейлікті тұтқындаған.

Бір жыл үзілістен кейін Ресей мен Әзербайжан президенттері алғаш рет келіссөз өткізді. Кездесу барысында Владимир Путин өткен жылдың желтоқсанында Әзербайжан ұшағының апатына Ресейдің қатысы барын мойындады.