Logo
Іздеу
Айдарлар

Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды

/
Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Сурет: ашық дереккөзден

10 қазан күні таңертең Филиппиннің оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,6 балл болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сілкініс эпицентрі Шығыс Давао провинциясындағы Манай қаласы маңында болған. Ошақ теңіз түбінен 10–20 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлады The Guardian.

Сейсмологтар мен жергілікті билік өкілдері жойқын цунами қаупі бар екенін ескертті: биіктігі үш метрге дейінгі толқындар эпицентрден 300 шақырым радиустағы жағалауларға соғуы мүмкін. Қауіп аймағына көршілес елдер — Индонезия мен Палау да кіріп отыр.

Жергілікті тұрғындар арасында үрей тарады. Әлеуметтік желілерде адамдардың жер сілкінісі кезінде ғимараттардан жүгіріп шыққан сәттері бейнеленген видеолар жарияланып жатыр. Елдің ең ірі қалаларының бірі — халқы бес миллионнан асатын Даваода балаларды мектептерден эвакуациялауда. Алдын ала деректер бойынша, бірқатар ғимараттар зақымданып, төбелер құлаған және электр қуаты өшкен.

Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші жағалаудағы аймақтардағы халықты дереу эвакуациялауды, құтқару топтарын жұмылдыруды және медициналық, азық-түлік көмегін дайындауды тапсырды.