Logo
Іздеу
Айдарлар

Ауғанстан мен Пәкістан арасында қарулы қақтығыс басталды

/
Ауғанстан мен Пәкістан арасында қарулы қақтығыс басталды
Сурет: ашық дереккөзден

Ауғанстан әуе әскери күштері Лахор қаласына соққы жасады. Сонымен қатар, «Талибан» қозғалысы Пәкістанның Кунар, Нангархар және Гильменд провинцияларындағы позицияларына шабуылдағанын Tolo News порталы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ауыр қару қолданылған қақтығыстар тарихи тұрғыдан даулы аймақ саналатын Дюранд сызығы бойында жүріп жатыр. Бірқатар аудандарда пәкістандық әскерилер бекеттерін тастап шегінген. Бахрамча ауданындағы шекара бекетінің бірі ауған күштерінің бақылауына өткен.

Соғыс қимылдары Кандагар уәлаятының Шурабак аймағына да тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс салдарынан кемінде 12 пәкістандық әскери қаза тапқан.

«Талибан» өкілдері операцияның Пәкістанның іс-әрекеттеріне жауап екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, пәкістандық тарап Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзып, бейсенбі күні жергілікті базарға соққы жасаған. Ал Пәкістан өз кезегінде ауған күштерін бейбіт тұрғындарды атқылады деп айыптап, «Үндістан жағдайындағыдай қатаң жауап беретінін» ескерткен.

2025 жылдың мамыр айында Үндістан Пәкістанға қарсы әскери операция бастаған болатын. Ол Пәкістанның Кашмир бөлігіндегі терактіден кейін қолға алынған, сол жарылыстан 26 адам, соның ішінде туристер де қаза тапқан еді.