Logo
Іздеу
Айдарлар

Қостанайда ұшақтың дөңгелегі жанып кетті

/
Қостанайда ұшақтың дөңгелегі жанып кетті
Сурет: видеодан скрин

Қостанай әуежайында Астанаға бағыт алған Qazaq Air әуе компаниясының ұшағы ұшу кезінде дөңгелегі тұтанып кеткен. Бортта Қорған қаласынан келген туристер болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жолаушылардың бірі: «Ұшақ жылдамдық ала бастаған еді, кенет тежеліп тоқтады. Шассидің астынан ұшқындар шығып, дөңгелек жанып кетті», – деп айтты.

Өрт сөндірушілер жалынды жылдам ауыздықтаған, ешкім зардап шеккен жоқ.

URA.RU агенттігінің хабарлауынша, Астанаға рейс белгісіз мерзімге шегерілді. Вьетнам мен Қытайға транзитпен ұшуы тиіс туристерге жаңа билет сатып алып, Алматы арқылы ұшуына тура келген.

Бұған дейін Қазақстанның екі ірі қаласы – Астана мен Алматы әуежайларында Көлік министрлігі тарапынан жоспардан тыс тексерулер басталғаны хабарланған еді. Бұған рейстердің жиі кешігуі, ұшақтардың ауыстырылуы, ұзын-сонар кезектер мен қызмет көрсету сапасына байланысты шағымдардың көбеюі себеп болған.