Дмитрий Медведев «Томагавк» зымырандарын Украинаға жеткізу бәріне жаман аяқталуы мүмкін. Әсіресе – Трамптың өзіне жаман болады дәп мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Трамп Ресей президенті украин қақтығысын реттемесе, «оның өзі үшін жаман аяқталады» деп айтты. Яғни, жүз бірінші рет қауіп төндіріп отыр, деді Медведев.
Оның айтуынша, егер «бизнес-бітімгер» «Томагавктар» туралы айтып отырса, онда бұл сөз қате. «Өйткені бұл зымырандарды жеткізу бәріне жаман салдар әкелуі мүмкін. Әсіресе – Трамптың өзіне», - дейді ол.
«Жүз рет түсінікті түрде айтылды: «Томагавк» зымырандарының ядролық не қалыпты зымыран екенін ұшу кезінде ажырату мүмкін емес. Егер олар ұшырылса, оны «бандеровшіл Киев» емес, тікелей АҚШ жүзеге асырады. Яғни, Трамптың өзі. Ал Ресей қалай жауап береді? Міне, мәселе осында!
Тек бұл сөздердің бәрі кезекті бос қоқан-лоқы болып, кокаинге масайраған клоунмен созылған келіссөздердің салдары ғана болып шықса екен деп үміттенеміз. Мысалы, Ресейге «атомдық сүңгуір қайық жіберу» сияқты. Өздеріңіз білесіздер ғой, мұндайда қалай болады: сүңгуір қайық Украина даласында пайда бола қалады», - деді Медведев.