ІІМ басшысы Ержан Сәденов Қарағандыдағы полиция бөлімшесінде 23 жастағы қыздың мәйіті табылған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Қыздың қасында ес-түссіз жатқан полицей де болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сәденов бұл оқиғаны «ұят жағдай» деп атап, қылмыстық іс қозғалып, бірнеше нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.
– Адам өлімі орын алып, оның қасында полицей болған – бұл жақсы емес. Сондықтан алғашқы минуттардан-ақ маған бәрін баяндады, істі өз бақылауыма алдым, – деп атап өтті министр.
Істің толық мән-жайы кейінірек жарияланатыны хабарланды.