Жамбыл облысында бір әйел мектепке әдеттегі жолмен жұмысқа орналаса алмаған соң, «сиқырдың» көмегіне жүгінген. Ол мектеп дәлізі мен директор бөлмесінің алдына тұз сеуіп, осылайша мұғалім қызметін алуға үміттенген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алайда нәтиже керісінше болды — сиқыр емес, сотқа жетті. Сотта бұл әрекет «энергетикалық тазарту» емес, қоғамдық орынның ластануы деп түсіндірілді.
Әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, қатаң жаза қолданбауды сұраған. Соңында ол жұмысқа орналасудың орнына 27 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.