Logo
Іздеу
Айдарлар

Петропавлда аурухана терезесінен секірген әйел көз жұмды

/
Петропавлда аурухана терезесінен секірген әйел көз жұмды
Сурет: Рixabay

Петропавл қаласында 67 жастағы әйел қайтыс болды. Ол алдыңғы күні күндіз қаладағы ауруханалардың бірінің төртінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, әйел ұзақ уақыт бойы сырқаттанып жүрген және бұған дейін де өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген.
Ауыр жарақат алған әйел түнде көз жұмған. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.