Logo
Іздеу
Айдарлар

Қамаудан босап шыққан барлық адам әкімшілік қадағалауға алынады

/
Қамаудан босап шыққан барлық адам әкімшілік қадағалауға алынады
Сурет: pexels

Заң жобасында жеке профилактикаға ерекше мән беріледі. Құқық бұзушылықты ерте анықтау және алдын алу үшін қосымша жеке шаралар енгізіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олар: ресми ескертулер, цифрлық отбасы картасы арқылы жеке тұлғаларды тіркеу, кәмелетке толмағандарға тәрбиелік қолдау көрсету және ықтимал құрбандармен байланысқа тыйым салу. Бұл шаралар қауіпке дер кезінде ден қоюға және бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жеке алдын алу шаралары қолданылатын құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тізімі кеңейтіледі. Құқық бұзушылық жасау ықтималдығы жойылғанға дейін «қасақана құқық бұзушыларға» қатаң профилактикалық шаралар қолданылады.

Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық тұлғаларға әкімшілік қадағалау енгізілетін болады (қазіргі уақытта бұл тек педофилдерге, лаңкестерге және қайталап қылмыс жасағандарға қатысты). Бұл шара олардың әлеуметтік нормалар мен оңалту шарттарын сақтауын бақылауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік оңалту олардың дұрыс жолға түсуіне көмектеседі.