Елордада 18 жастағы қыз көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Orda.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған қыз агротехникалық университеттің екінші курсында оқыған.
Қазір оқиғаның себебін полиция анықтап жатыр.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде», — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.
Редакция университеттің баспасөз қызметіне де жүгінген, алайда онда студент қыздың өліміне қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.
Бұл жағдай қоғамды алаңдатып отыр, себебі соңғы уақытта жастар арасындағы суицид көбейіп келеді. Жаз айларында «Назарбаев университетінде» де екі студент қыз өз-өзіне қол жұмсаған еді. Тергеу әлі жалғасып жатыр.