Logo
Іздеу
Айдарлар

Путин мен Трамп қайтадан келіссөздер өткізеді

/
Путин мен Трамп қайтадан келіссөздер өткізеді
Сурет: ашық дереккөзден

Ресей мен АҚШ президенттері Мәскеудің бастамасымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәліметінше, Путин Трамптың Венгрияда кездесу өткізу жөніндегі ұсынысын қолдаған.

Трамптың айтуынша, Путин АҚШ-ты «Таяу Шығыстағы бейбітшілікке қол жеткізудегі ұлы жетістікпен» құттықтаған. Тараптар Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатудың ықтимал жолдарын талқылаған.

Трамп сондай-ақ Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыру және қақтығысты тоқтату жөнінде ілгерілеуге қол жеткізу әлі де мүмкін екенін атап өткен.

Еске салайық, Путин мен Трамп бұған дейін 18 тамызда, Аляскадағы алғашқы саммиттерінен үш күн өткен соң телефон арқылы сөйлескен еді. Сол кезде екі ел басшылары Ресей мен Украина делегациялары арасындағы тікелей келіссөздерді жалғастыруды қолдаған, алайда содан бері жаңа келіссөздер раунды өткізілген жоқ.