Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркия Газаға көмекке әскер жіберуге әзір

/
Түркия Газаға көмекке әскер жіберуге әзір
Сурет: ашық дереккөзден

Әлем қазір Палестинаға жұмыла жүк жөнелтіп жатыр. Бұған дейін де талай көмек барған. Бірақ шекарадан өтпейтін. Қазір толық болмаса да ел ішіне ішінара жүк кіріп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

8 қазанда жарияланған уақытша бітімнен кейін көмек жеткізу жұмыстары жеделдетілді. Бір ғана Түркия кейінгі бір аптада 100 шақты жүк көлігін кіргізген, деп мәлімдеді 24KZ телеарнасы.
Бұдан бөлек, Түркия президенті гуманитарлық көмек қана емес қажет болса құтқару және басқа да жұмыстарға сарбаздар жіберуге де әзір екенін айтқан. 

- Израиль қақтығысты тоқтату туралы келісіміне адал болып, уәдесінде тұруы тиіс. Біз Түркия халқы аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнағанын қалаймыз. Сол себепті бауырлас ел ретінде өз тарапымыздан барлық мүмкіндікті жасаймыз. Бейбітшілікті орнату үшін біздің Қарулы күштер жүктелген міндетті толық орындауға дайын. Ал Газа секторындағы қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруді тездету қажет. Қыс түспей, бұл мәселені шешу шаралары қабылдануы керек, - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.