Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ аумағында ХАМАС содыры ұсталды

/
АҚШ аумағында ХАМАС содыры ұсталды
Сурет: ашық дереккөзден

ФБР 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасалған ХАМАС шабуылына қатысқан ер адам АҚШ-та жалған есіммен өмір сүріп келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, Газа тумасы, 31 жастағы Махмуд Амин Якуб әл-Мухтади шабуылдан кейін өз өткенін жасырып, АҚШ визасына өтініш берген, деп жазады The Guardian.

Айыптау құжатында оның Палестинаны азат етудің Демократиялық майданының әскери қанатында болғаны және Израиль шекарасын басып өткен содырлар тобына жеке өзі басшылық еткені көрсетілген. Сол шабуылда шамамен 1200 адам қаза тауып, 250-ден астамы тұтқындалған. ФБР дерегі бойынша, әл-Мухтадидің телефоны сол күні Израильдегі Кфар-Аза кибуці маңында — шабуылдың басты ошақтарының бірінде — тіркелген.

2024 жылы ол АҚШ-та тұрақты тұру мәртебесін алып, Луизиана штатында орналасқан мейрамханада жұмыс істеген. Тергеу барысында оның ХАМАС-пен байланысы бар қарулы топтармен байланысын үзбегені және әлеуметтік желіде олардың жетекшілерінің суреттерін ашық жариялағаны анықталды.

Ер адамды Сент-Мартин округінде ФБР мен израильдік арнайы қызметтердің, соның ішінде «Лахав 433» бөлімшесінің қатысуымен ұстаған. Оған виза алаяқтығы және террористік ұйымды қолдау мақсатында астыртын келісім жасағаны үшін айып тағылмақ.

АҚШ Бас прокуроры Пэм Бондидің айтуынша, «бұл адам 7 қазан — Холокосттан кейін еврей халқы үшін ең қанды күндердің бірі — кезінде жасалған қатыгездікке қатысып, кейін Америкада жасырын өмір сүрген».

Бұған дейін Грета Тунберг Израильде ұсталған кезінде өзіне көрсетілген қорлық туралы хабарлаған болатын.