Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты (ВИДЕО)

/
Сүйінші, ағайын! Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты (ВИДЕО)
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Нартай Сәрсенғалиев

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев барша спорт қауымын қуантқан маңызды жаңалықпен бөлісті, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қыркүйек айында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалының нәтижесі шыққанын мәлімдеді.

"Айтылды – орындалды. Бапкерлердің жалақысы 30% өседі! ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің атына қыркүйекте депутаттық сауал жолдадым! Нақты ұсыныстар енгіздім, орындалды", – деп жазды Нартай Сәрсенғалиев.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысына 30% көлемінде қосымша ақы төленеді.

Бұл шешімді жүзеге асыру үшін 2025-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 млрд теңге қарастырылып, Республикалық бюджеттік комиссияның (РБК) шешімімен мақұлданған.

Сонымен қатар депутат ауылдық жерлерде қызмет атқаратын спорт мамандарының жалақысын арттыру мәселесін де көтерген.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, сондай-ақ ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт мамандарына лауазымдық жалақының кемінде 25%-ын құрайтын көтеріңкі ақы төлеуге мүмкіндік берілді", – делінген Үкіметтің ресми жауабында.