Logo
Іздеу
Айдарлар

"Екінші Челах": Мерзімді қызметтегі сарбаз басқа әскерилерге оқ атты

/
"Екінші Челах": Мерзімді қызметтегі сарбаз басқа әскерилерге оқ атты
rbkomar/Getty Images

Мәскеу облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз өз әріптестеріне оқ атып, төтенше жағдай туғызды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға кезінде екі адам қаза тауып, тағы бір әскери қызметкер ауыр жараланған. Кей дереккөздер жараланғандар саны беске дейін жетуі мүмкін екенін айтады.

Қанды оқиға Наро-Фоминск ауданындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Белгілі болғандай, жараланғандардың бірі анасына хабарласып, бөлімде атыс болып жатқанын жеткізген. Әйел дереу полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған.

Қазіргі уақытта ресми органдар тарапынан түсініктеме берілген жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.