Logo
Іздеу
Айдарлар

Енді әр қазақтың шотын салық органдары тексереді: Не нәрсені ескеру керек?

/
Енді әр қазақтың шотын салық органдары тексереді: Не нәрсені ескеру керек?
Ertenmedia коллажы

Ұлттық банк жеке тұлғалардың банктік шоттары қандай жағдайда салық органдары тарапынан тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл өзгерістер тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған. Ол бұл туралы "Банктер және банктік қызмет туралы" заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

Шолпанқұлов БАҚ-та тараған "Қазақстанда банктік құпия жойылады" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Банктік құпия жойылмайды. Салық кодексіне өзгерістер енгізілген кезде жеке тұлғалардың деректері туралы тақырып қызу талқыланды. Ал мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкер ретінде немесе ЖШС ретінде тіркелмеген жеке тұлғалардың жасырын кәсіпкерлік қызметін анықтауға бағытталған баламалы шешім ұсынды", – деді ол.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, салық органдары азаматтардың банк шоттары туралы мәліметті тек екі жағдайда ғана сұрата алады:

  • егер жеке тұлғаның шотына әртүрлі жіберушілерден 100-ден астам ақша аударымы түссе;
  • егер шоттағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асып кетсе.

"Жалпы алғанда, егер бұл жағдайлар тіркелмесе, жеке тұлғалар туралы ешқандай ақпарат берілмейді", – деп нақтылады Берік Шолпанқұлов.