Logo
Іздеу
Айдарлар

Семейде ата-аналардың шағымынан кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақтан шеттетілді

/
Семейде ата-аналардың шағымынан кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақтан шеттетілді
Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде 13 қазан күні Семей қаласындағы №43 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақ кезінде алтыншы сынып оқушысын ұрғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазба авторларының айтуынша, бұл педагогке бұған дейін де дөрекілігі мен балағат сөздері үшін шағымдар түскен.

HALYQSTAN телеграм арансының мәліметінше,  Абай облыстық білім басқармасы оқиға шын мәнінде болғанын растаған.

Ата-аналардың шағымынан кейін мектепте ішкі тексеріс жүргізіліп, ата-аналар жиналысы өткізілген.

«Қазіргі уақытта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақтан шеттетілді, оның міндетін басқа педагог атқарып жатыр», – деп хабарлады білім басқармасы.

Материалдар мектептің педагогикалық этика кеңесіне жолданып, оның отырысы 20 қазанға белгіленді.

Осы отырыстан кейін қосымша ресми ақпарат берілетіні айтылды.