Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресей әскері Украинаға қарсы ат пен есек мініп соғысып жатыр (ВИДЕО)

/
Ресей әскері Украинаға қарсы ат пен есек мініп соғысып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Ресей әскері Украинамен соғыс кезінде жылқы мен есекті әскери мақсатта қолдана бастаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда орыс сарбаздарының мал арқылы техника мен жүк тасып, миналанған аймақтарды кесіп өтіп жатқаны көрсетілген. "Азаттық" жариялаған бейнежазбаларда жануарлардың шабуыл кезінде де нысанаға айналатыны байқалады.

Әскери сарапшылардың пікірінше, бұл әрекет айлакерлік емес, керісінше соғыс жағдайындағы тапшылықтан туған мәжбүрлі амал.