«Қазгидромет» мәліметінше, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Тек батыс өңірлерде ғана жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Республика бойынша желдің күшеюі мен таңертеңгі тұман болжанады. Орталық және солтүстік аймақтарда түнде үсік жүруі мүмкін.
▪️ Астана: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –5–7 °C, күндіз +10–12 °C.
▪️ Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 5–7 °C, күндіз +17–19 °C.
▪️ Шымкент: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6–8 °C, күндіз +22–24 °C.