Logo
Іздеу
Айдарлар

Қырғыздарға тіл тигізген. Дмитрий Биволдың экс-жұбайы тергеліп жатыр

/
Қырғыздарға тіл тигізген. Дмитрий Биволдың экс-жұбайы тергеліп жатыр
Сурет: ашық дереккөзден

Қырғызстанның ІІМ әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатеринаны тексеріп жатыр. Бұған оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қырғыз халқына тіл тигізген видеосы себеп болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, мұндай мәлімдемелерге жол беруге болмайды, себебі олар ұлтаралық сыйластық қағидаттарын бұзады. Қазір бұл факті тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Дмитрий Бивол — Ресей мен Қырғызстан атынан сынға түсетін танымал боксшы. Оның есебінде 24 жеңіс бар, соның 12-сі — нокаутпен аяқталған. Екатеринамен ажырасқаны туралы 2023 жылдың көктемінде белгілі болды. Ажырасқаннан кейін әйел бұрынғы күйеуін ұрып-соқты және есірткі қолданды деп бірнеше рет айыптаған, кейін прокуратура оған Бивол туралы жария түрде пікір білдіруге тыйым салған.