Кербұлақ ауданының тұрғыны өз үйінде екі сұңқар мен қолдан жасалған торды заңсыз сақтап келген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аталған жағдай бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген құстар арнайы мамандардың қарауына беріліп, қазіргі уақытта олардың жағдайы бақылауда.
Полиция табиғатты қорғауға бағытталған "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – еліміздің табиғи байлықтарын сақтау және экологиялық тепе-теңдікті бұзатын әрекеттердің жолын кесу.
Құқық қорғау органдары барлық азаматты табиғатты аялауға шақырады. Әрбір браконьерлік дерек – тек жануарларға ғана емес, бүкіл қоршаған орта мен келешек ұрпаққа жасалған зиян. Табиғатты қорғайық – ол біздің ортақ байлығымыз!