Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүлейменоваға бағытталған сын садағы: Министр шұғыл мәлімдеме жасады

/
Сүлейменоваға бағытталған сын садағы: Министр шұғыл мәлімдеме жасады
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желілерде өз атына айтылған сын пікірлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп Arasha.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, оның педагогикалық еңбек өтілі жиырма жылдан асады және "мектепте бар болғаны бір жыл жұмыс істеген" деген пікір шындыққа жанаспайды.

"Мектептегі тәжірибесі жайлы 1 жыл деген ақпарат қисынсыз. Жалпы менің педагогикалық еңбек өтілім – жиырма жылдан асады. Осы уақыттың ішінде №139 мектепте жұмыс істедім, сондай-ақ зияткерлік мектептер жүйесінде тоғыз жылдан астам еңбек еттім. Зияткерлік мектептерде методолог ретінде қызмет атқардым, кейін Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің директоры лауазымына дейін көтерілдім", – деді Сүлейменова.

Сондай-ақ ол министрлікке дейін орталық аппаратта білім беру саясатын қалыптастыру, типтік оқу жоспарларын дайындау және оқу бағдарламаларын жетілдіру жұмыстарымен айналысқанын атап өтті.

"Сондықтан менің еңбек өтілімді "бір жыл ғана" деу – қисынсыз. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарында да оқытушылық қызметтен бастап, жастар ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары қызметтерін атқардым. Бұл да менің білім беру саласындағы жүйелі еңбек тәжірибемнің бір бөлігі", – деді министр.

Жоғары оқу орындарында да еңбек еткенін айтқан Сүлейменова оқытушылықтан бастап, жастар ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары қызметтерін атқарған.

"Мектеп директоры болған кезде де сабақ процесінен қол үзген жоқпын – 7-9-сыныптарға дәріс беріп, оқушылармен тікелей жұмыс істедім. Сондықтан педагогикалық қызмет мен үшін тек кәсіби жол емес, сонымен қатар өз ұстанымым мен өмірлік бағытым", – деді ол.