Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Алматыда 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, тірі қалды

Алматыда 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, тірі қалды
Сурет: видеодан скрин

Оқиға қаланың Жетісу ауданындағы «Raiymbek» тұрғын үй кешенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, қыз құлағаннан кейін тірі болып, қатты айқайлаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көргендердің сөзіне сенсек, қыз құлаған сәтте іш киіммен ғана болған. Хабарланғандай, оқиға алдында ол құрбысымен бірге пәтерде болып, алкоголь ішкен болуы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиға бойынша тергеу бастаған.

«Жетісу аудандық полиция басқармасы суицидке оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.