37 жастағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов «Найман» (27-8-2) АСА 194 турнирінде өз мансабындағы жаңа кезеңді сәтті бастады. Ол алғашқы жекпе-жегінде 26 жастағы ресейлік файтер Анатолий Бойконы (12-5) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 29:28 есебімен жеңді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жекпе-жек өте тартысты өтті. Хамитов бірінші раундта қарсыласының соққыларынан сытылып шығып, екінші раундта белсенділігін арттырды. Үшінші раундта қазақстандық спортшы өз тәжірибесін көрсетіп, бірнеше сәтті шабуыл жасап, бастаманы толық өз қолына алды.
Бұл жеңіс Қуат Хамитовтың АСА (Absolute Championship Akhmat) ұйымындағы алғашқы жетістігі болып саналады. Бұған дейін ол әртүрлі халықаралық промоушендерде өнер көрсетіп, жанкүйерлер арасында танымалдыққа ие болған еді.
Айта кетсек, ресейлік Анатолий Бойко осымен төртінші рет қатарынан жеңіліс тауып отыр. Ал Хамитов үшін бұл жекпе-жек оның спорттық мансабында жаңа белеске жол ашты.