Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Марқұм Шерзаттың отбасы баспаналы болды (ВИДЕО)

/
Сүйінші, ағайын! Марқұм Шерзаттың отбасы баспаналы болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жаңа баспаналы болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қуанышты жаңалықты отбасының адвокаты Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Қаржаубай отбасын жаңа үймен құттықтап барған сәтінен бейнежазба жариялаған.

"Ең алдымен Алланың, одан кейін Асқар мен Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қолдауы мен қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын", – деп жазды адвокат.

Еске сала кетсек, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылдың 4 қазанында Алматы маңындағы Талғар қаласында төбелес кезінде қаза тапқан еді. Одан кейін, 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасы тұратын үйді белгісіз біреулер өртеп кеткен.