Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Литваға Ресей әскери ұшақтары кірген соң НАТО ұшақтары әуеге көтерілді

Литваға Ресей әскери ұшақтары кірген соң НАТО ұшақтары әуеге көтерілді
Сурет: placepic.ru

Литваның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елдің Әуе күштері бейсенбі кешкісін Калининград облысымен шектесетін Кибартай қаласы маңында мемлекеттік шекараның бұзылғанын тіркеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресейдің Су-30 әскери ұшағы мен Ил-78 жанармай құю ұшағы Литва аумағына шамамен 700 метрге дейін кіріп, елдің әуе кеңістігінде шамамен 18 секунд болған соң оны тастап кеткен, — делінген министрлік хабарламасында.

Осы оқиғадан кейін НАТО-ның әуе кеңістігін патрульдеу миссиясын орындап жүрген Испанияның екі Eurofighter Typhoon жойғыш ұшағы әуеге көтерілді. Қазір олар патрульдеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.