Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әкем бұл елге өмірін ғана арнаған жоқ, жанын да қиды" – Мұстафа Өзтүріктің қызы (ВИДЕО)

/
"Әкем бұл елге өмірін ғана арнаған жоқ, жанын да қиды" – Мұстафа Өзтүріктің қызы (ВИДЕО)
turkystan.kz коллажы

Түркі әлемінің ұлы перзенті, аты аңызға айналған таеквондо шебері Мұстафа Өзтүріктің қызы – Неслихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі видео жариялап, жүрекжарды сөз айтты, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Міне, менің Отаным… Әкем бұл елге өмірін ғана арнаған жоқ, ол осы ел үшін жанын да қиды – жан-тәнімен сүйген елі. Аз ғана уақыт болса да, жүрегім бұл елдің – менің мәңгілік үйім екенін сезді", – деді Неслихан Өзтүрік.

Айта кетейік, Неслихан Өзтүрік жуырда Абай облысына арнайы сапармен келіп, әкесінің есімімен байланысты тарихи және мәдени нысандарды аралап, жергілікті халықпен кездескен болатын.

Мұстафа Өзтүрік – түркі әлемінде есімі құрметпен аталатын, Қазақстандағы таеквондо спортын алғаш дамытқан тұлға. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келіп, жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығушылық танытқан. Кейін Кореяда білім алып, таеквондоның қыр-сырын меңгеріп, Қазақстанға келіп осы спорт түрін кеңінен насихаттады.