Logo
Іздеу
Айдарлар

ҚТЖ: Маңғыстау өңірінде қызметкерлер арасындағы тұрмыстық жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізіледі

/
ҚТЖ: Маңғыстау өңірінде қызметкерлер арасындағы тұрмыстық жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізіледі
Сурет: видеодан скрин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу станциясының жол дистанциясы қызметкерлерінің бейнеөтініштері тарауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жағдай ішкі, тұрмыстық сипатта өрбіп отыр және жекелеген қызметкерлер мен өңірлік бөлімше басшылығы арасындағы түсініспеушілікпен байланысты. 
Мән-жайларды объективті және жан-жақты зерделеу мақсатында Маңғыстау өңіріне ҚТЖ орталық аппаратының және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жұмыс тобы жіберілетін болады. Мамандар қызметтік тексеру жүргізеді және өтініштерде баяндалған фактілерге баға береді», - делінген хабарламада. 

Тексеру қорытындысы бойынша еңбек заңнамасына және ішкі нормативтік актілерге сәйкес қатаң тиісті ұйымдастырушылық шешімдер қабылданбақ.

Сонымен қатар, Бас көлік прокуратурасы Маңғыстау облысындағы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға қатысты қорқыту жөніндегі шағымдар ісін бақылауға алғанын мәлімдеді.

«Маңғыстау облысында Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері КТЖ-ның магистральдық желі бөлімшесінің басшысына шағым айтып, видеоүндеу жариялаған. Кикілжің қысқы арнайы киім жеткізушіні ауыстыру мәселесіне арналған жиналыстан кейін туындаған. Компанияның орталық аппараты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, басшының әрекетіне тексеру жасап жатыр. Жұмыс процесі тоқтаған жоқ, жағдай көлік прокуратурасының бақылауында», – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.