Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, екі адам жарақат алды

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, екі адам жарақат алды
Сурет: ашық дереккөзден

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөліміне түскен ақпаратқа сәйкес, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:35-те Алматы қаласының Жетісу ауданында болған. Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай, бордюр тасына және аялдама кешеніне соғылған, сондай-ақ сол уақытта аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып өткен. ЖКО салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді: аялдамада тұрған жаяу жүргінші және автобустың бір жолаушысы», – деп мәлімдеді ПД.

Апаттың мән-жайын Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.