Түркістан облысында айыпталушы медициналық мекемеден қашып кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Түркістан облысында полиция жасырынған айыпталушының орналасқан жерін анықтау және оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Анықталғандай, 23 қазан күні ем қабылдап жатқан айыпталушы медициналық мекемеден шығып кеткен», – деп мәлімдеді жұма күні Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қашып кеткен күдіктіні іздеуге полицияның толық жеке құрамы бағытталды.
«Бақылау бекеттері қойылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, оның нәтижесінде кінәлі тұлғаларға ең қатаң шаралар қолданылады. Жағдай Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында», – деп толықтырды құқық қорғау органдары.