Logo
Іздеу
Айдарлар

Әлі 2-3 жыл соғысамыз: Зеленский соғысқа қатысты шұғыл шешім шығарды

/
Әлі 2-3 жыл соғысамыз: Зеленский соғысқа қатысты шұғыл шешім шығарды
AP Photo. Суретте: Владимир Зеленский мен Владимир Путин

Украина президенті Владимир Зеленский елінің соғысты тағы екі-үш жыл жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Польша премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Президент Зеленский маған соғыстың он жылға созылмайтынына үміттенетінін, бірақ Украина тағы екі-үш жыл соғысуға дайын екенін айтты», – деді Туск.

Польша үкіметінің басшысы Украина тәуелсіз мемлекет ретінде сақталатынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ Ресей экономикасының жаңа санкциялар салдарынан аса ауыр дағдарысқа ұшырағанын және ұзақ мерзімде тұрақты дамуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар Туск Ресейдің бір айқын артықшылығын да атады – соғысқа толық дайындық, бұл әскери жағдайдағы шешуші фактор екенін атап өтті.

Ол Батыс елдерін «тәтті иллюзияға берілмеуге» шақырып, қазіргі қауіптің жаһандық сипатқа ие екенін, оның ішінде киберқауіпсіздік саласын да қамтитынын ескертті.