Logo
Іздеу
Айдарлар

Мәскеу үстінен белгісіз жарық нысан ұшып өтті

/
Мәскеу үстінен белгісіз жарық нысан ұшып өтті
Сурет: ашық дереккөзден

2025 жылғы 27 қазан күні таңертең Ресей астанасы мен Мәскеу облысының үстінен жарқыраған жасыл аспан нысаны ұшып өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Комсомольская правда» басылымының жазуынша, таңғы шамамен 6:30-да жасыл жарықпен жанған, метеоритке ұқсас аспан денесі байқалған.

Басылым сарапшыларының пікірінше, бұл атмосферада жанып кеткен метеорит немесе ғарыштық қоқыс болуы мүмкін.

Аспан нысаны Мәскеу мен облыс үстінен өте жылдам әрі дыбыссыз ұшып өтіп, кейін жылтыраған бөліктерге ыдыраған. Бұл жұмбақ құбылыс небәрі бірнеше секундқа созылған.

Аталған нысанның нақты не екені туралы ресейлік дереккөздер әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Осыған ұқсас көкшіл жарық шашқан метеорит 2024 жылдың мамырында Португалия мен Испания аспанын жарқыратып өткен болатын.