Logo
Іздеу
Айдарлар

«МұнайСпецСнаб Компани» қызметкерлері үндеу жасады

/
«МұнайСпецСнаб Компани» қызметкерлері үндеу жасады
Сурет: видеодан скрин

«МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС қызметкерлері ереуіл жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Біз, “МұнайСпецСнаб Компани” ЖШС қызметкерлері, еңбек құқықтарымыздың бұзылуына және әлеуметтік әділетсіздікке алаңдаймыз. Талаптарымыздың орындалмауына байланысты 2025 жылдың 28 қазан күнгі түннен бастап жұмысты тоқтаттық. Біздің талаптарымыз – әділдік, еңбек адамының құқығы қорғалуы және жұмысшылар дауысының естілуі. Талаптарымыз толық орындалсын», – деп кәсіпорын алдында жиналған үлкен топтың алдында ер адам билікке және қоғамға арналған үндеуді оқып берді. Жиналғандар оны бірауыздан қолдады.

Жұмысшылардың ереуіл жариялауына себеп болған жағдай сырттан әдейі ұйымдастырылуы да мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

«Жалақы жоқ, жалақы көтерілмеді, Конституция күніне берілетін төлемдер болмады, қысқасы — еңбек дауы», – деп «МұнайСпецСнаб Компани» жанында тұрған адамдар бейнеленген басқа видеоны кадр сыртындағы ер адам түсіндіреді.