Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Путин «Посейдон» ядролық қондырғысын сынағандарын мәлімдеді

Путин «Посейдон» ядролық қондырғысын сынағандарын мәлімдеді
Сурет: ТАСС

Путин Ресейдің жақында ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған «Посейдон» суасты аппаратын сынақтан өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жексенбі күні Путин мен Ресей Бас штабының бастығы ядролық энергетикалық қондырғысы бар «Буревестник» қанатты зымыранының да сынақтан өткені туралы хабарлаған болатын.

«Посейдон» жайлы президент Украинадағы соғыста жараланғандарды Мандрыка атындағы әскери клиникалық госпитальде аралау кезінде айтты.

Путиннің айтуынша, сынақ барысында «Посейдонның» атомдық энергетикалық қондырғысы іске қосылып, аппарат белгілі бір уақыт жұмыс істеген.