Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбеде әкесінің көлігін мінген 8-сынып оқушысы қаза тапты

/
Ақтөбеде әкесінің көлігін мінген 8-сынып оқушысы қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

Қайғылы жағдай «Бауырластар» тұрғын алабында болды. Жасөспірім рөлді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасаған. Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, зардап шеккен оқушы алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айта кетейік, бұл «Бауырластар» тұрғын алабында соңғы екі айда болған екінші осындай қайғылы жағдай.

Еске салсақ, 2 қыркүйек түнінде Ермек Әлімхан көшесінде жол апатынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапқан. Ол да әкесінің Mitsubishi Carisma көлігін рұқсатсыз басқарғысы келген.

Осы оқиғаларға байланысты Ақтөбе полициясы ата-аналарды балаларының әрекеттерін бақылауға шақырды.

Жалпы, биылдан бастап облыс аумағында 1632 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған және 99 адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар, қаза болған.

Сонымен қатар, 27–31 қазан аралығында Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты — жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және әсіресе балалар, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер қатысатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.