Кеше елімізде Кәсіпкер күні аталып өтті. Жеке шаруашылық иелерін, өнім өндірушілерді ынталандыру мақсатында бірқатар өңірде салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы, 29 қазанның Кәсіпкер күні ретінде таңдалуының өзіндік себебі бар. Дәл осы күні 2015 жылы Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексі қабылданған болатын. Аталған құжат мемлекеттің заманауи бизнес саясатының негізі ретінде бағаланады.
Бүгінде елімізде 2,17 миллион шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл - былтырғымен салыстырғанда 6,4%-ға көп көрсеткіш. Ал шағын және орта кәсіпкерліктің еліміз экономикасындағы үлесі 38,6%-ға дейін артқан. Сәйкесінше өнім өндіру көлемі 11,4%-ға ұлғайып, 18,7 трлн теңгеге жетіпті.