Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматының әкім орынбасары болған Ержан Бабақұмаров қаза тапты

/
Алматының әкім орынбасары болған Ержан Бабақұмаров қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

Өткен түнде Алматы қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Бұл туралы Kazinform агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі соққыдан болған. Күдікті ұсталды.

Қайғылы жағдай 30 қазан түнінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ержан Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандар арасында жанжал туып, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан алған дене жарақаттарынан Бабақұмаров қайтыс болған.

Kazinform дереккөздері күдіктінің осы іс бойынша қамауға алынғанын және уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.