Logo
Іздеу
Айдарлар

Саяси сауданың көзірі - сирек металдар

/
Саяси сауданың көзірі - сирек металдар
Қазатомпром

Кейінгі жылдары әлемнің ақпарат кеңістігін толтырып тұрған басты тақырыптың бірі жасанды интеллект болса, бірі - сирек металдар жайы. Оған басты себеп түрлі салада жаңа технологияның қолданысқа анағұрлым белсенді енгізілуі екені түсінікті.

Verified Market Research зерттеуінше, бұдан екі жыл бұрын сирек металдар қоры 4 млрд 840 млн тонна болған  екен. Дегенмен, болжам бойынша, жаңадан ашылатын кеніштер есебінен  аталған көрсеткіш таяу жылдары-ақ 10 млрд тоннадан асады. Яғни, екі есеге артады.

Бүгінде сирек металдар нарығындағы үстемдік Қытай Халық Республикасының еншісінде. Әлем бойынша саладағы өндіру үлесінің 60%, өңдеу үлесінің 90% ресми Бейжіңнің қолында. Бірақ АҚШ билігінің қызығушылығы уақыт санап артып келеді.
Сирек металдар дегеніміз бір ғана қазба байлығын өндіру  емес. Оған қол жеткізу үшін кешенді өңдеу және миллиардтаған инвестиция құю керек.
Сондықтан күрделілігіне қарай, бұл сала экономикалық та, саяси-әскери де көзір саналады.