Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды. 26 жастағы қыз 15-қабаттағы парапет шетінде тұрып, секірмек болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, «112» нөміріне қоңырау түскен. Куәгерлер Иманбаева көшесіндегі үйдің төбесінде кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін адам тұрғанын айтқан.
Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері көршілес пәтер арқылы балконға шығып, қызды қауіпсіз қадам жасамауға көндіруге тырысқан. Сол сәтте басқа топ төменнен автосаты арқылы көтеріліп жатқан. Белгілі бір мезетте құтқарушы қызды ұстап үлгеріп, терезе арқылы пәтердің ішіне кіргізген.