Елімізде бүгін ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, тек елдің шығысында синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» ақпаратынша, бүгін 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды. Негізгі себептері — тұман, қатты жел және өрт қаупінің жоғары болуы. Жетісу облысында түнде температура +2°С-қа дейін төмендейді.
▪️ Астанада күндіз +13…+15 °C, жаңбыр жауу мүмкін. Түнде +4…+6 °C, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін.
▪️ Алматыда күндіз +19…+21 °C, түнде +4…+6 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +22…+24 °C, күннің соңында жаңбыр жауады. Түнде +6…+8 °C, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с, екпіні 20 м/с дейін.
 
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        