Оқиға түнде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шаульдер ауылында болды. Бір тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Көптеген пәтерлер қалпына келтіруге жатпайды, жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Алдын ала болжам бойынша жарылысқа себеп — құрылғыны газ желісіне рұқсатсыз қосу, деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Үйге газ берілу уақытша тоқтатылды, газ мамандары ақау жерлерді іздестіруде.
Сонымен қатар, рұқсатсыз қосылымдардың қандай қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екені еске салынды.
 
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        