2025 жылдың тоғыз айында Қазақстанға 12,2 миллионнан астам шетелдік азамат келді – бұл өткен жылға қарағанда 730 мыңға көп. Мұндай деректерді Kazakh Tourism ҰҚК Шекара қызметінің статистикасына сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттерден Қазақстанға келушілер қатары артқаны байқалады. Олардың саны бойынша ТОП-5 ел:
9 айда Қазақстанға 693 мыңнан астам Қытай азаматы келген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға жоғары. Қызығушылықтың артуына визасыз режимнің енгізілуі, тікелей әуе қатынасының кеңеюі және еліміздің туристік әлеуетін Қытай нарығында ілгерілету септігін тигізді. Қазақстан топтық және жеке саяхаттар үшін де Қытай азаматтары арасында тартымды бағытқа айналуда.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 113 мыңға жуық үндістандық азамат болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (106 мың адам) жоғары.
Бұл уақыт аралығында Қазақстан 103 мыңнан астам түрік азаматын қабылдады. Келушілер қатарының артуына тұрақты әуе қатынасы, елдер арасындағы мәдени және іскерлік байланыстар ықпал етуде.
2025 жылдың 9 айында Қазақстанға 81 мыңнан астам германиялық азамат келді. Этнотуризм, бірегей табиғи ландшафттар және тарихи-мәдени орындар - негізгі тартымды нысандар.
Бұл елден келушілер саны 25%-ға артып, 41,3 мың адамды құрады. Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанды жиі таңдайды. Оған тікелей әуе рейстері, визасыз режим, еліміздің табиғатына, мәдениетіне және ұлттық тағамына қызығушылық та өз әсерін тигізеді.