Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім 12 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар күдіктінің ата-аналары немесе заңды өкілдері баланы тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        